Қазақ елі - Отаным менің.
№3 кітапханада "Қазақ елі - Отаным менің" атты кітап көрмесі жастардың болашақта Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын тұлғалар екендігін ұғындыру,елін сүюге, құрметтеуге,отанын қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Көрме бойынша К.Сәттібайдың «Менің Елім», Р.Үркімбайдың «Ел үшін еміренгендер», Т.Омарбековтің «Қазақтың шығу тегі» кітаптарымен қатар «Астана-Қазақстанның жүрегі», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары», «Мәңгілік Ел-Қазақстан», «Қазақстан - Қарашаңырағым» жинақтары т.б.әдебиеттерге шолу жасалып,кітаптың мазмұндары қысқаша таныстырылды.







