Халықтың саулығы-Отанның байлығы
Адам өміріндегі басты байлық, өмір тірегі-денсаулық екендігін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында №18 кітапханада «Халықтың саулығы-Отанның байлығы» атты денсаулық сағаты өткізіліп, денсаулық саласындағы әдебиеттер оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Ұлт саулығын тұтас ел байлығы деп бағалаған мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы басым бағыттары мен міндеттері айтылып, мерзімді басылымдардан мәліметтер келтірілді. Түрлі энциклопедиялар мен анықтамалықтардан аурулардың тууы мен таралуы, емдеу жолдары туралы, күнделікті өмірдегі қолданылатын су, бал, түрлі шөптердің емдік қасиеттері туралы қызықты ақпараттар берілді.







