Наурызым-берекем
№6 кітапхананың оқу залында «Наурызым-берекем» атты әдеби қонақжай өткізіліп, еңбек ардагерлерлері, №235 мектеп оқушылары мен оқытушылары, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара шашу шашу рәсімімен басталып, «тұсау кесер» рәсіміне жаслғасты. Жас оқырмандар әдеби-музыкалық монтаж ұйымдастырып, шағын қойылымдарды ұсынды. Ардагерлер Ә.Сапаров, Ә.Өтегенов, А.Бекжанов, ұстаз А.Тұрсынбаева халқымыздың ежелден келе жатырған «Шашу», «Бастаңғы», «Бәсіре», «Енші», «Селт еткізер», «Базарлық» және басқа да дәстүрлерііміз жайында мағыналы әңгімелер айтты. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, наурыз көже таратылды. Кеш ақсақалдардың ақ батасымен қорытындыланды.









