Қамқорлық
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында ауылдың мүмкіндігі шектеулі жас тұрғыны Маханбет Ердаулетті кітаппен қамтамасыз етті. Үй жағдайында отырған жасөспірім бала кітап оқығанды ұнатады. Ертегі мен көркем әдебиетті құмарта оқитын Ердаулетке Абайдың өлең жолдары мен қара сөздері дауыстап оқылып терең таныстырылып, оқуға қызықты кітаптар ұсынылды.







