Ерлік өлмейді, ел ұмытылмайды

    №12 кітапхананың ұйымдастыруымен 15 ақпан Кеңес әскерінің ауған жерінің шығарылған күніне орай « Ерлік өлмейді, ел ұмытылмайды» атты патриоттық кеш болып өтті. Кешке арнайы шақырылған Қызылорда облыстық ауған және жергілікті соғысы  ардагерлері  қоғамының төрағасы Кайрадин Баймаханов, ауған соғысының ардагері  Ж.Тажимбетов  жастарға Отан алдындағы борышын өтеудегі адалдығы, жанқияр ерліктерімен бірге қиын қыстау кездегі досқа адалдығы туралы әңгімелеп берді. 
    Кешке № 8 П. Д. Осипенко атындағы орта мектеп оқушылары қатысып батыр ағаларымыздың рухына өлең оқып патриоттық әндерін айтты. Мақсаты:Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған қыршын боздақтарымызды  еске алу. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамуына жан- жақты ат салысып жүрген ардагерлеріміздің ерліктерімен қоса, бүгінгі бейбіт өмірдегі еңбектерімен таныстыру.Жас ұрпақты Отанды сүюге, мемлекетшіл азамат болып өсуге, марапат емес, парасат жолында адал қызмет етуге тәрбиелеу. 
 


18 ақпан 2020 ж. 743

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам