Қазақ ұлтының ұлы ұстанымы

    А.С.Пушкин атындағы  орталық кітапхана «Коворкинг» жастар білім орталығында қазақтың ұлы ағартушысы, ақын, қоғам қайраткері  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  «Қазақ ұлтының ұлы ұстанымы» атты  дөңгелек үстел өтті.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы  Қазақстан» атты  мақаласын  жариялап, ұлы Абайдың рухани мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығын айтқан еді.     Осы мақала аясында шара қонақтары С.Ысқақов атындағы  Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі   А.Г.Шамсиева   және  «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі  А.Қоспановалар  Абай шығармаларының тәрбиелік мәніне  тоқталып, өздерінің Абайға арналған жүрек жарды өлең шумақтарын жастарға жолдады.  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне барып, көріп келген кітапханамыздың оқырманы  Елікбай Айнур Маратқызы өз ойымен бөлісіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына серпін беретін осындай үлкен мәдени іс-шаралардың өткізілуіне бүкіл ел болып ат салысуға жастарды шақырды. Шарадан жастарымыз өздеріне қажетті ақпараттар алды.   
   
20 ақпан 2020 ж. 767

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам