Өлеңім өзімменен егіз туған.
№17 кітапханада ойы орамды, сезімі сергек, тілі көркем өлеңдердің авторы ақын Сейіл Боранбайұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Өлеңім өзімменен егіз туған» атты жыр кеші өткізілді. Ол-көзі тірісінде оншақты жыр жинағын оқырман назарына ұсынған шабытты шайыр. Алымды ақын қай тақырыпқа қалам тартса да тереңнен толғап, кемеліне келтіре жырлаған. Жыр кешінде ақынның шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, оқырмандар «Туған ауылым», «Сәбимін туған жеріме», «Қызылорда», «Өмірде жақсылық көп», «Халқым қалай күн көрер?», «Абайға мұң шағу» т.б өлеңдерін жатқа оқыса, мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты. Шараның мақсаты жастарды кітап оқуға тарту, ақын Сейіл Боранбайұлының шығармаларын насихаттау.








