» » Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.

Қалалық  №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі кітапханасының залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа  жолдау – жаңа жоспар» атты дөңгелек үстел өткізілді.Ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін ұсынған Президент Жолдауы кеңінен таныстырылып, ақпараттар берілді.Шараға қатысушы Ә.Есжан, Ж.Жаңабай, А.Тәңірберген, Р.Өскінбай жастардың білім алып, кіші бизнеспен айналысуға қайтарымсыз несие беру жолдары, кәсіптік білім алу  туралы Жолдауда айтылған  қағидалар   бойынша   өз пікірлерін айтып ортаға салды. Дөңгелек үстелді  ұстаз Қалыбекова Гауһар Зиятқызы қортындылады.

24 ақпан 2020 ж. 723

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам