Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал мен жұмбақ-халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеледі. Жұмбақтар-табиғат құбылыстарының өзін, қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған, халық ойынан туған шығарма. Балалардың ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, халқымыздың асыл сөздерін, мақал мәтелін жаттап сөйлеу, қолдана білуге баулу мақсатында №13 кітапханада «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын 6-айналым бойынша өткізіліп, белсендіде тапқыр оқырмандар жеңімпаз деп танылып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.









