Ардагерлер, сіздер үшін.
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында «Ардагерлер, сіздер үшін» атты ашық есік күні өткізіліп, ауыл ақсақалдарына әдеби қонақжайлылылық көрсетілді.Шараға ауылдың ардагерлері мен тұрақты оқырмандары,кітап сүйер қауым қатысып, кітап патшалығына еркін саяхат жасады.Шара барысында атаулы мерейтойларға орай ұйымдастырылған «Абай-дана, Абай-дара қазақта», «Әл-Фараби әлемнің ұлы ойшылы» атты кітап көрмелері бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, жаңа түскен әдебиеттер таныстырылды. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері, әлем ойшылы Әл-Фарабидің ой- тұжырымдары, естеліктер дауыстап оқылып, қарт оқырмандар зор ықыласпен тыңдады. Ақсақалдар Ғ.Есімнің «Хакім Абай», Абайдың «Қайран тіл, қайран сөз», т.б кітаптарға, Әл-Фараби шығармаларына қызығушылық танытып үйлеріне оқуға алып, М.Әуезовтың «Абай жолы» романын қайталап екінші мәрте оқуға шешім қабылдады.







