Ғаламтор кітаптан озған ба?
№6 кітапхана Ақмешіт колледжінің мәжіліс залында 2 курс студенттері қатысуымен жастарды саналы түрде кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Ғаламтор кітаптан озған ба?» атты пікір талас кешін ұйымдастырды.Кітапты насихаттау бағытында өткізілген бұл шарада жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап іздей отырып, кітап, интернеттің пайдасы мен зияны,қазіргі жастардың талғамы мен таңдауы туралы ойларын ортаға салып,еркін пікірлесті. Ұстаздар А.Қаламанұлы, С.Апенова кітаптың рухани құндылық екендігі, ғаламторды ретімен пайдалану керектігі туралы мағыналы әңгімелер айтса, студенттер А.Орақ, Е.Жаңабай, Ж.Қылышбаева, Н.Ербай, И.Сағитжан, І.Сәдірхан озық ойларын білдіріп, қазақ тіліндегі отандық әдебиеттермен қатар әлем әдебиетінде ағылшын, орыс тілдерінде еркін меңгере білуіміз керек деген тұжырым жасады. Жалынды жастық шақты кiтаптың асыл нұрымен нұрландырып, ақыл өрiсiмiздi кiтап даналығымен кеңейтейік деген мақсатт а ұйымдастырылған iс-шара өз мәнінде өтіп, нәтижесінде 28 оқырман кітапханаға тіркелді.







