Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан.
№9 кітапхана «Коворкинг» орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына шолу жасалып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Ғұлама ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде танылған Абай Құнанбаевтың мұрасының ұлттың санасын жаңартуда тигізер пайдасы мен Президент тұжырымдары кеңінен айтылып, оқырмандар пікірі тыңдалды.







