Алғыс айту асыл қасиет.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Коворкинг» жастар орталығында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен жалпыхалықтық мереке – 1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту асыл қасиет» атты мерекелік кеш өткізілді.
2016 жылдан бастап Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні етіп жариялап, бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесіне айналды.
Елбасының бастамасымен Ассамблеяның 20 жылдығына орай құрылған облысымыздағы
«Достық» үйінде бүгінде 11 этно мәдени орталық бар. Бұл орталық өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып , елдің саяси өміріне де белсене араласып татулықтың темір қазығын орнатуда. Мерекелік кешке осы орталықтан 7 этномәдени - «Кәріс» мәдени бірлестігінің хатшысы Тен Матвей Николаевич, кітапхана ардагері Цой Ксения Ивановна, «Қызылорда облыстық татар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гизатуллина Галия Камиловна, «Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гейдарова Гульчин Ансеровна,«Вайнах» «Қызылорда облыстық шешен этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хазуев Зихо, «Қызылорда облыстық еврей этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Иванова Вера Владимировна, «Қызылорда облыстық неміс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шек Ирина Николаевна, Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Журавель Наталья Борисовналар қатысты.Бірлестік мүшелері ұлтаралық тұрақтылық пен татулықтың, дінаралық қатынастардың қалыпты болуына өз үлестерін қосып еркін өмір сүріп жатқандықтары туралы айтып, кезінде ата-бабабларына бауырмалдық танытқан қазақ ұлтына мың алғыстарын жаудырды. Сонымен бірге шараға қатысушы кітапхана оқырмандары мен мәдени орталық мүшелері бірлесе отырып орындаған әр композиция этнос арасындағы берік ынтымақты, татулықты дәріптеді. Сахна төрінен төгілген орыс, өзбек, татар, корей, шешен әндері мен шеберлікпен орындаған билері осы ұлттардың тарихы, салт-дәстүрін, мәдениетін айшықтап жиналған жұрттың ықыласына бөленді.








