Әл-Фараби әлемі.

№10 Қызылөзек ауылдық кітапханасында  мектеп оқушылары арасында «Әл-Фараби  әлемі» атты  білім сайысы өткізілді. Сайысқа клуб әдіскері Д.Ахметова,  клуб қызметкері Г.Төреханова, ұстаз Ж.Джакипова төрелік жасап,  жас оқырмандар  «Бәйтерек», «Ұлан», «Қыран» топтары бойынша екі  кезеңде  білімдерін  сынасты.  Бірінші кезеңде әлем ойшылын сурет арқылы бейнелеп терең мағынада  әңгімелеп жеткізсе,  екінші кезеңде   ғұламаның ой-толғамдарын жатқа оқып жарысты.  Жас оқырмандардың ой-өрістерін кеңейту, сөз саптауға баулу, сөйлеу шешендіктерін  арттыру  мақсатындағы сайысқа үш топта  белсене қатысып,   тапқырлық   таныта білді. Әл-Фараби шығармаларымен  терең танысқан оқырмандар көптеген қызықты мәліметтерге қанықты.

26 ақпан 2020 ж. 565

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам