Рәміздерім-елдігімнің белгісі.
№10 Қызылөзек ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлері ұйымдастыруымен Мемлекетіміздің рәміздерге деген жастардың құрметін қалыптастыру, елжандылыққа баулу мақсатында «Рәміздерім-елдігімнің белгісі» атты ауыл жастары мен мекеме қызметкерлері қатысуымен патриоттық кеш өткізілді. №39 «Қызылөзек» орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Б.Қоқыбасов, жергілікті учаскелік полиция инспекторы,полиция майоры Қайырбеков Бақытжан Ғаниұлы, тарих пәнінің мұғалімі Қыстаубаева Гүлзия Төлегенқызы, ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жұмабекова Ұлжан Әлібекқызы қатысып,елдігіміздің нышаны рәміздердің қадір-қасиеті туралы келелі әңгімелер айтты.Кітапханашы М.Досмырзаева мағыналы баяндама жасап, жастарға ойтүрткі ретінде сұрақтар қойылып, ақпараттар берілді. Клуб қызметкерлері бінеше патриоттық әндер орындап, ақындар өлеңдері жатқа оқылды.







