Әл Фараби әлемі.
№6 кітапхана Ақмешіт колледжінің 3 курс студенттерімен қатысуымен шығыс ойшылы,Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл Фараби әлемі» атты тақырыптық кеш өткізді. Кеш «Ұлы баба ұлағаты» атты бейнебаянмен ашылып,сахналық көрініс көрсетілді.Ақмешіт колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бекенова А,колледж оқытушылары М.Спанкулова, М.Төкен, Эс-19 студенттері А.Ұзақова, С.Әмірғали, Б. Тасберген ғұламаның философия мен логика, саясат пен этика, астрономия саласындағы шығармалары жайлы өз оқығандарын айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. Қазақ ақыны Қадыр Мырзаның «Әл Фараби» өлеңін Н.Омар оқып,«Әл Фараби-Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Ұлы ойшыл тұлғаның өмірі мен өнегесі туралы жазылған С.Мұратбековтың , А.Көбесовтің «Әл Фарабидің ашылмағаң әлемі», А.Машановтың «Әл-Фараби және Абай», Д.Досжанның хикаяттары,А.Алимжановтың «Степное эхо»,А.Н.Нысанбаевтың «Аль Фараби» т.б кітаптары көрмеге қойылып ,оқырмандарға оқуға ұсынылды.







