Ұлы тұлға - Абай.

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың жанынан ашылған «Коворкинг» жастар орталығында  Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық  атқару жүйесі департаментіне қарасты  ЗК – 169/5 мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен   қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы тұлға - Абай» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.Шара барысында мекеме қызметкерлері Абайдың «Жүректе қайрат болмаса», «Жастықтың оты қайдасың», «Сегіз аяқ», «Өлседе өлер табиғат, адам өлмес» және т.б өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін нақышымен орындады. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп,  кеңінен насихатталды. Шараны мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Есмаханов Жалғасбай:  Абай Құнанбаевтың өлеңдері, нақыл сөздері, қара сөздері адамзат баласына өмірлік нұсқау, бағыт – бағдар, ақыл қосушы – деген тұжырыммен қорытындылап , шараға жиналған жастар қауымын кітап оқуға шақырды.

27 ақпан 2020 ж. 926

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам