Шақан Шері
№1 кітапханада тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Мұхтар Мағауинның «Шақан Шері» романы бойынша өткен оқырмандар конференциясы № 172 мектептің 10 «А», «9»Ә» сынып оқырмандары арасында өткізілді.Шығармадағы асыл жары мен аяулы перзентінің кегін қуып, жолбарыс біткеннің тажалына айналған кісікиік Шаханның жаужүректілігі туралы ұстаз Г.Жолдасбаева кеңінен әңгімелеп, кітаптың мазмұнын ашты.Н.Тәңірберген, А.Сәкенқызы, А.Шарапова, А.Нүрпейісова, А.Қайрат, А.Мұханбетжан Асхат тағы басқа оқырмандар адамдарға қастандық жасаған тарғыл терілі жолбарыс тұқымы мен аңшы қаһарман Шаханның қалай айқасқа түскендігі, шығарманың қызықты оқиғалары туралы өз ой пікірлерін ортаға салды.







