Сөз серкесі - шешендік
№16 қалалық кітапханада оқырмандарға шешендік өнерді насихаттау, қазақ би-шешендерін шығармаларын насихаттау мақсатында Досбол бидің 220 жылдығына орай «Сөз серкесі - шешендік» атты ауызша журнал өткізілді.
Ауызша журнал «Сөз серкесі – шешендік», «Досбол би», «Досбол бидің шешендік сөздері» бөлімдері бойынша өткізіліп, оқырмандарға қазақ тарихында ерекше орын алатын шешендік өнер, би-шешендер туралы мәліметтер берілді. Ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған Досбол би жайлы кеңінен насихатталды.