» » М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесі

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесі

     №4 кітапхана мен №253 мектеп кітапханасының  бірлесе ұйымдастыруымен  «Бір ел - бір кітап»  акциясы аясында    «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесі» тақырыбында оқырмандар конференциясы №253 орта мектептің мәжіліс залында  өткізілді.  Кітап туралы  ойталқы  Ұлы  Абай жайлы бейнебаян  көрсетумен басталып, роман туралы түсінік берумен жалғасты. 
    Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды.  Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан  біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен,   тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар.  Романдағы   ақынның өміріндегі   әжесі  Зеренің, анасы Ұлжанның, жары Ділдәнің,  ғашығы Тоғжанның   бейнелерін  оқушылар талдай отырып көркем тілмен жеткізіп,  кітапхана оқырмандары Н.Қалдыбай,  Ж.Мырзабекова,   Д.Жантөрелер    романнан көрініс көрсетті. 

02 наурыз 2020 ж. 1 513

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам