Ардагерлер сіздер үшін
№6 кітапхананың ұйымдастыруыменен «Қамқорлық бағдарламасы» аясында Алғыс айту күніне орай «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ардагерлер сіздер үшін» атты библиофреш өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптардан Т.Майбас «Мыңқыш», Б.Адамбаев. «Шешендік өнер», Е.Асқаров. «Кірлеме,менің жүрегім», Ә.Толымбек «Тағдыр сыйы», Т.Рахман «Сөзбиі-кітабы», Б.Жақып «Желбіреп тұрған көк туым-биік тұғырым», Абай. шығармалары, « Найзағайлы жылдар жаңғырығы», А.Дүйсенбі «Аңыздар мен абыздар», Н.Домбай «Күй құдыреті», Ж.Әлмашұлы «Бесік ұшқан күн», Қ.Жиенбай «Күздің жылы жаңбыры», А.Кулбай. «Легенда степей», т.б кітаптар ұсынылып, шолу жасалды. Шығармалардың қызықты беттерінен үзінділер тыңдаған мүмкіндігі шектеулі оқырмандар кітапхана қызметкерлеріне алғыс сезімдерін білдірді.







