Ұлттық спорт ойындары.
№11 кітапханада «Ұлттық спорт ойындары» атты танымдық сағаты жас оқырмандар арасында өткізілді. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатындағы шара барысында тоғыз құмалақ, ат спортының түрлері аламан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, мергендер сайысы, асық ойындары, қазақша күрес сияқты спорт ойындар түрлеріне түсінік берілді. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды.







