Атадан қалған асыл сөз
Қызылөзек ауылдық №10 кітапхана оқырмандары арасында Досбол Қорлыбайұлының-220 жыл толуына орай «Атадан қалған асыл сөз» атты нақыл сөздерін жатқа оқу сайысын өткізді. Сайысқа жас оқырмандар Алпысбай Нұрия, Мырзабек Ақбота, Айдарбек Анель, Қуаныш Ақниет қатысып ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен, ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған Досбол би туралы аңыздар айтып, нақыл сөздерін нақышына келтіре оқыды.







