Әбу Насыр әл- Фараби мұрасы
№14 Белкөл кітапханасымен клуб қызметкерлерімен бірлесіп №189 мектеп оқушыларының қатысуымен шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әбу Насыр әл- Фараби мұрасы» атты тақырыптық кеш өткізді. Шара барысында Әл -Фараби өмірі жайлы мол мағлұматтар беріліп, кітап көрмесі бойынша ғұламаның еңбектері мен 7 томдық шығармалар жинағы таныстырылып, шолу жасалды.







