Абай дара, Абай дана қазақта
№17 кітапханада Хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыруға ықпал ету мақсатында «Абай дара, Абай дана қазақта» атты әдеби -сазды кеш өткізілді. Абай әлемі-ұрпақ тәрбиесі мен адамзат болмысына бағдар сілтер асыл қазына. Шарада сахналық қойылым көрсетіліп, кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Қуаныш» әжелер ансамблі «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» т.б. әндерін шырқады. Ауыл ардагерлері Қожахмет Ыдырысұлы, Ибрагимов Жаңабай ақын жайлы тәрбиелік маңызды лебіздерін білдірді.







