Наурызым-мерекем, құт-берекем
№2 балалар кітапханасы мен «Ляйлім» балабақшасының ұйымдастыруымен «Наурызым-мерекем, құт-берекем» атты әжелер мен немерелер сайысы өткізілді. Сайыс шарты бойынша әжелер нақышына келтіре ертегі, өнегелі әңгімелер айтып, ұлттық дәстүрімізден көрініс көрсетті, ал немерелер ән айту, би бойынша жарысты. Ұлттық нақышта өнер көсете білген Б.Көпжасарова, А.Бердібаева, С.Сағынбекова әжелер немерелерімен жеңімпаз деп танылды.









