Қазақтың ұлттық аспаптары
№3 кітапханада мәдениет үйімен бірлескен түрде «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты онлайн өнер сабағы ұйымдастырылды. Қазақтың музыкалық аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар. Онлайн сабақты кітапхананың «Ғасырлар үні» атты өнер клубының мүшесі, мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Жұмабай Шерниязов өткізді. Ол қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті, соқпалы топқа бөлінетінітүрлерімен таныстыра отырып, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын басты музыкалық аспаптың бірі - домбыраға кеңінен тоқталып түсіндіріп өтті.








