Сыр шашқан жырлар
№6 кітапхана ақын Құрманғали Ұябаевтың 100 жылдығына орай «Сыр шашқан жырлар» атты онлайн әдеби дайджест өткізді. Шарада ақынның шығармалары оқырманға таныстырылып, өмірбаянынан мәліметтер берілді. 1949 жылы жарық көрген «Шығыс шыңында» атты өлең кітабынан үзінді оқылып, «Жырларым», «Тағдыр туралы жыр», « Қырдағы қырандар» атты шығармалары кеңінен насихатталды.







