Шығыстың Аристотелі – Әл-Фараби
№16 кітапхананың ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Шығыстың Аристотелі – Әл-Фараби» атты ауызша журнал онлайн форматта өткізілді. Оқырмандарға ұлы философ - Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен қызметін, даналық мұрасын насихаттау мақсатындағы ауызша журнал 3 бөлім бойынша өткізілді. Ұлы ойшылдың өмір жолдары мен еңбектері жайлы қысқаша мәліметтер беріліп, даналық нақыл сөздерінен үзінді оқылды.








