М. Әуезовтың «Абай жолы» романына онлайн-шолу
№20 кітапханада республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналып М. Әуезовтың «Абай жолы» романына онлайн-шолу жасалды. Шолуда қазақ қоғамының жарты ғасырлық тұрмысын, әлеуметтік жағдайын дәл бейнелейтін қазақтың тұңғыш роман-эпопеясының жазылу тарихы, шығарманың жалпы мазмұны, ұлы ақынның шығармашылық және қайраткерлік тұлғасы, адам, азамат, қоғам қайраткері, ақын ретінде қалыптасуы және т.б. кейіпкерлері жайлы айтылып, оқырмандарға тұщымды ақпараттар берілді.







