» » Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

     31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданды.. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. №7 кітапхана «Қуғын-сүргіннің құрбандары» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап қорындағы ұлтының азаттығы жолындағы құрбан қазақтың ардақты ұлдары туралы әдебиеттерді оқырманға онлайн  таныстырды.
26 мамыр 2020 ж. 604

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам