Қасіретті жылдар халық жадында
№18 кітапханада 31- мамыр Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар халық жадында» атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында Алаш қайраткері М. Шоқай атамыздың ұрпағы Райса Даниярқызы қатысып, оқырман қауымға әсерлі естелік әңгіме жолдады. Қайрат Сақтың «Алаш мұрасы» кітабына онлайн шолу жасалып, жас оқырман Серіков Мақсат Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқи отыра Алаш үшін жанын қиған бабаларымыз жас ұрпақтың мәңгі жүрегінде екенін жеткізе білді.







