Кітаппен өткен жаз қызық
Кітап оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласың. №17 кітапхана 1 маусым-Балаларды қорғау күніне және «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты онлайн библиофреш өткізді. Балаларға арналған қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Марат Қабанбайдың, балалар әдебиетінің сардары Серік Қалиұлының өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары енген шығармалары, балалар фольклоры, ақын Байбота Қошым-Ноғайдың ғибратқа толы тәржімелік туындылары мен аудармалары т.б балалар шығармалары таныстырылды.







