Шежірелі қала - Қызылорда
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Шежірелі қала - Қызылорда» тақырыбында библиографиялық шолу өткізіліп, өлкелік әдебиеттер жастар оқуына ұсынылды. «Сырдария кітапханасы» топтамалары бойынша әдебиеттермен қатар «Сыр елі», «Қызылорда», «Қызылорда көшелері», «Жиырма жылдың жаңғырығы», «Менің елім Қазақстан», «Қарттарын қадірлеген қасиетті өңір», «Жүректегі жауһарлар», «Сыр сұлуы», «Кемел Сырдың келбеті», «Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары», «Сыр бойы ақындарының айтысы», «Тарихи тұлғалар» және сыр елі ақын-жазушыларының шығармаларына шолу жасалды.







