Шебердің қолымен
Жастар орталығында орналасқан №19 кітапханада «Шебердің қолымен» атты шеберлік сағаты онлайн түрінде өткізіліп,қаламыздағы «28 ілмек» клубының жетекшісі Нұрлан Әйгерім Жақсылыққызы мен оның еріктілерден құрылған командасы жайлы айтылды. Бүгінгі таңда он адамнан құрылған клуб мүшелері кішкене бүлдіршіндерге киім тігіп, таза жіптен қолөнер бұйымдарын тоқиды.«Ана мен бала» перзентханасында шала туылған нәрестелерге таратып,қайырымдықпен айналысады.Кемеңгер Абай атамыз айтқандай «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың төресі сол» деп баға берудегі мәні, осынау ұлы өнерге деген табынушылық сияқты.







