Ел нышандары- мақтанышы елімнің
№ 18 кітапхана «Ел нышандары- мақтанышы елімнің» атты патриоттық сағат өткізді.. Жас оқырмандар Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың мұқалмас рухын,қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман – тілегін жеткізетін құнды белгілер екендігі жайлы ой-пікірлерін айта отырып, кітапхана оқырманы Б.Бекмаханова Оразақын Асқардың «Елұраным», Б.Нұрперзент Бағдәулет, Т.Аяпова Бақытбек Бәмішұлының «Ту» және «Елтаңба» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.







