Алысқа самғау
№1 кітапханада «Қамқорлық» бағдарламасы аясында «Алысқа самғау» атты мүмкіндігі шектеулі балалармен онлайн кездесу өткізіліп, Әбдірасілова Нарғыз бен Абдулла Нұрмұхаммедтің қызығушылығы мен арман-мақсаттары төңірегінде қысқаша әңгіме өрбітілді. Әрбір бала бақытты болуға лайықты және де мемлекетіміздің шексіз қамқорлығының арқасында олардың мақсат-мүдделерінің орындалары сөзсіз. Армандар орындалады. Кітап оқып білімге құмартқан баланың биікке самғары анық...







