Латын әліпбиі – рухани қажеттілік
Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, оқырман қауымның көкейіндегі сұрақтарға жауап алу мақсатында № 12 кітапхана мен Қызылорда облыстық «Рухани жанғыру» орталығымен бірлесіп «Латын әліпбиі – рухани қажеттілік» атты онлайн сұхбат өткізді. Сұхбат қонақтары Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов.Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқу - әдістемелік бөлімінің басшысы Ортаева Ләззат Абайқызы.







