Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
№11 Талдыарал ауылдық кітапханасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» атты денсаулық сағаты жоғары сынып оқушылары арасында өткізілді. Қоғамдағы араққұмарлық, темекі, нашаға әуестену адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да кері әсерін тигізетіндігі, денсаулықтың -баға жетпейтін асыл дүние екендігі туралы мағлұматтар айтылып, бейне роликтер көрсетілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастарға оқуға қажетті кітаптар ұсынылды.








