Поэзияға құштармын
Қазақтың көрнекті ақын қызы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Фариза Оңғарсынова қазақ поэзиясындағы дара тұлға. Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты біртуар ақын қызының 80 жылдық мерейтойы құрметіне №3 кітапханада «Поэзияға құштармын» деген тақырыппен жыр сүйер оқырман қауым арасында жас ақындар аренасы өткізілді.
Кітапхананың белсенді оқырмандарының бірі, Мәдениет үйінің қызметкері Кәдірбаев Ғабит өзінің өршіл жырларымен дараланған Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы туралы жастарға мәліметтер айтып, арнау өлеңдерін оқыды. Жастар ақын өлеңдерін нақышына келтіре жарыса оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады. «Асқақ рухты ақын» атты кітап көрмесі бойынша ақын шығармаларына шолу жасалып, өмір жолы таныстырылды.