"Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі"
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Романда біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар. №12 кітапхана "Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі" атты оқырмандар ой толғауын назарларыңызға ұсынады.







