Өнердегі биік өнеге
№ 16 қалалық кітапханада Қазақстанның Халық әртісі Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Өнердегі биік өнеге» аттыөнертану сағаты өткізілді.
Өнертану сағатында халқымыздың аяулы перзенті, аса көрнекті актриса, сахна және кино өнерінің шебері Әмина Өмірзақованың өмірі мен өнердегі өнегелі жолы жайлы айтылды. «Тақиялы періште», «Гауһартас», «Ана туралы аңыз» сынды фильмдерде өте сәтті әрі шебер ойнаған актрисаны әрбір қазақ өзіне жақын тұтады. Әмина Өмірзақованың ғажап шеберлігі, үлгі-өнегеге толы өнер жолы туралы жазылған Ә. Сығайдың «Сахна саңлақтары», «Тарихи тұлғалар» атты әдебиеттер мен өміріндегі айтулы тарихи сәттерден, сахна көріністерінен жинақталған фотоальбом, мерзімді басылымдар келген оқырмандар назарына ұсынылды.