Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздіктің жолы
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру» арнайы жобасы аясында қалалық жүйеге қарасты №1 кітапханада «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздіктің жолы» атты рухани кеш өткізілді. Кеш қонағы Облыстық «Рухани Жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ибраев Уәлихан Серікұлы облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша ақпарат берді. Кітапхана оқырмандары Иззат Дамир мен Қияш Жұлдыз Н.Айтұлы мен М.Әміреұлының Ана тілі тақырыбындағы жыр жолдарын жатқа оқыды.







