Туған жерім – тұнған шежірем
№18 кітапханада «Туған жерім – тұнған шежірем» атты танымдық сағат «Шарипа –Ана» балабақшасының жас бүлдіршіндері мен тәрбиешілері арасында өткізілді. Кішкентай білдіршіндерге туған қаламыз туралы мәліметтер айтылып, көрнекті жерлері бейне роликтер арқылы көрсетілді. Қаламыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерге, тарихи өлкетану мұражайына кітап арқылы саяхат жасалды.









