Интернет менің өмірімде
№17 кітапханада "Интернет менің өмірімде" атты ақпарат сағаты өткізіліп, шараға зейнеткер оқырмандар тартылды. Әлеуметтік желіге деген көзқарастарын, қажеттілігі мен пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлескен зейнеткерлер жастарды интернетті белгілі бір мақсатта пайдаланып, желідегі ғибратты дүниелерді саналы түрде оқып, көңілге тоқи білу керектігін айтты.







