Конституция-мәңгілік елдің тұғыры
30 тамыз Конституция күні. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылатын Ата Заңымызға 25 жыл. Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды.
Конституциямыз Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады.
Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтай отырып №5 кітапхана «Конституция-мәңгілік елдің тұғыры» атты виртуальды кітап көрмесін ұсынады.







