Жемқорлықпен күрес- баршамызға міндет
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жолдарын насихаттау мақсатында жүйеге қарасты №18 кітапханада «Жемқорлықпен күрес- баршамызға міндет» атты әңгіме өткізілді. Шараға қатысқан кітапхана оқырмандары жемқорлықлық туралы өз ойларын ортаға салды.Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған «Жемқорлық індет-жою міндет» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен жақын танысып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.









