Бір ел – бір кітап

Елімізде  республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімімен 2020 жылы бүкілхалықтық оқуға екі танымал жазушының шығармалары: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай арнайы таңдалды. Кітап сүйер қауымды қалалық  кітапханалар жүйесі  жыл таңдауындағы  әдебиеттерді оқуға шақырады.

25 тамыз 2020 ж. 682

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам