Тіл-татулық тірегі
Тіл-халықтың жаны, ұлт-тірегі. 2017 жылдың 31 қазанындағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» болып бекітілді. Қазақстан Халқы тілдері күнінің 22 қыркүйектен осы күнге ауыстырылуының үлкен мәні бар. Себебі, 5 қыркүйек – қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым , ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Айтулы мерекеге орай №20 кітапхана «Тіл-татулық тірегі» атты виртуальды кітап көрмесін ұсынады.







