Менің тілім-ұлы дала рухы
Тіл-рухани қазына. Бабаларымыздың ұрпағына қалдырған аманаты. Қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов: Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.-деген еді. №6 кітапхана "Менің тілім-ұлы дала рухы" атты жыр марафоныны ұсынады. Шарада кітапхананың жас оқырмандары қазақ ақындарының тіл туралы жырларымен сусындатады.







